Назар аударыныз

Денсаулық сақтау министрлігі ұлттық скринингтік бағдарламаны дамыту және қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін күшейту үшін инфекциялық емес сырқаттарды скринингтік зерттеу шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар жинақтау мақсатында тұрғындар, медицина қауымы, медициналық жоғары оқу орындары, қауымдастықтар, ғылыми орталықтар, үкіметтік емес ұйымдар арасында сауалнама жүргізуде. 
Ұсыныстар мен скринингтік бағдарламалардың тиімділігін бағалау сырқаттарды ерте анықтаудағы оның нәтижелілігіне әсер ететін кедергілерді зерделеп, скрининг жүргізу шараларын жетілдіруге мүмкіндік береді. 
Сауалнама мына сілтемелер бойынша жүргізіледі: 
орыс тілінде: https://ru.surveymonkey.com/r/P7FKQ7L 
қазақ тілінде: https://ru.surveymonkey.com/r/PX2S6QS 

Назар аударыңыз

2017 жылдың 1-10 қыркүйек аралығында жол-көлік жарақаттарының алдын алу мақсатында онкүндік өтуде!

Назар аударыңыз

1 мен 7 тамыз аралығында - ана сүтімен емізудің ұлттың аптасы.

Назар аударыңыз

28-шілде - бүкіл әлемдік вирустық гепатитпен күресу күні.

Бүкіл әлемдік вирустық гепатитпен күресу күніне байланысты 28 шілде мен 28 тамыз айлары аралығында айлық өткізіледі.

Кел, ертегі суретін саламыз!

3 пен 8 жас аралығындағы балаларға арналған республикалық балалар байқауы Өз балаңызбен бірге http://konkurs.nmo.kz сайтында жарияланған «Ержүрек вакцина» ертегісін оқып шығыңыз да, осы ертегінің желісіне қатысты сурет салыңыз. Артынша оны Байқау ұйымдастырушыларының This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды мекенжайына жолдаңыз. БАЙҚАУ КЕЗЕҢДЕРІ: Суреттерді қабылдау: 2017 жылдың 15 тамызына дейін Онлайн дауыс беру: 2017 жылдың 16 тамызынан 20 тамызына дейін Әділ қазылар жұмысы: 2017 жылдың 16 тамызынан 20 тамызына дейін Байқау қорытындысы: 2017 жылдың 22 тамызы «Ержүрек вакцина» ертегі кітабының таныстырылуы және байқау жеңімпаздарының марапатталуы: 2017 жылдың 21 қазаны «Сену және өмір сүру» Жыл сайынғы Әлеуметтік-медициналық форумының аясында өтеді. Сауалдарыңыз болса This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды мекенжайына хат жолдауға немесе +7+707-123-24-68 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Назар аударыңыз!

26 маусым күні сағат 11-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында нашақорлық және есірткі саудасына қарсы халықаралық күрес күніне байланысты кең колемді акция отеді. Акцияға қала тұрғыңдары мен қонақтарын белесне қатысуға шақырамын.