2020 жылдың 10 ақпан күні жастар арасында салауатты мінез құлық дағдылары мен темекі өнімдерін пайдаланудың әлеуметтік жағымсыз имиджін қалыптастыру мақсатында № 1 БЖСМ оқушылар арасында «Темекі шегушіліктің, СНЮСтің зияны туралы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Шара аясында СӨСҚ маманының «Кукла Сью» және «Рот курильщика» атты көрнекі құралдарын пайдалануымен сөз сөйлеуі, бейнероликтер көрсетілімі мен ақпараттық оқыту материалдарын тарату ұйымдастырылды.
2020 жылдың 7 ақпан күні онкологиялық сақтықты және өз денсаулығына жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру туралы білім деңгейін арттыру мақсатыңда «Өз денсаулығыңызды қорғаңыз –скринингтік тексеруден өтіңіз!» атты ақция ұйымдастырылды.«Денсаулық қалашығы» акцияның барысында, дәрігерлер тұрғындарға инфекциялық емес аурулар туралы хабардар етіп, салауатты өмір салтын насихаттап, аурудың, мүгедектік пен өлімді болдырмауға бағытталған негізгі құралдар ретінде скринингтік тексерілуді кеңес берді.
2020 жылдың 4 ақпаны Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күні аясында «Арасан Ақтөбе» ЖШС дәрігерлердің кеңестерімен және қатерлі ісік ауруының алдын-алу және ертерек анықтау туралы, алкогольді тұтыну, темекі шегу, физикалық өсімдікті азайту арқылы денсаулықты жақсарту туралы халыққа ақпарат берумен Халықтық кеңседе «Денсаулық қалашығын» ұйымдастырды. Белсенділік, дұрыс тамақтанудың сақталуы, сонымен қатар уақытылы скринингтік тексерулердің қажеттілігі жөнінде түсіндірді. ДДҰ-ның мәліметтері бойынша дене белсенділігінің жоқтығы сүт безі мен тоқ ішек обырының басты себебінің шамамен 21-25%-ын, қант диабетінің 27%-ын, жүректің ишемиялық ауруының 30%-ын құрайды. Үнемі дене белсенділігі денсаулықты сақтауға ықпал етеді.