20 қантар күні 2020 жылда № 1 мектептін оқұшылар арасында «СНЮС» зияны бойынша, бейнематериалдар корсетіп, семинар-кеңес өткізілді. Жасөспірім кезінде снюсті қолданудың салдары өте қауіпті:
• Өсуді тоқтату;
• Жоғары агрессивтілік және қозу
• Когнитивті процестердің нашарлауы
• Жад пен назар аударудың бұзылуы
• Онкологиялық аурулардың, ең алдымен асқазанның, бауырдың, ауыз қуысының дамуының жоғары қаупі;
• Жұқпалы ауруларға төзімділіктің әлсіреуі
14 қантар күні 2020 жылда № 40 мектептін оқұшылар арасында шегуге арналмаған темекінің зияны бойынша, бейнематериалдар корсетіп, семинар өткізілді. Жасөспірімдер мен жастар арасында шегуге арналмаған темекі және темекісіз өнімдері тұтыну кеңінен таралуда. Құрамында 20 мг-нан 250 мг-ға дейіникотині бар (салыстыру үшін бір сигаретте 1,5 мг никотин бар) «снюс» деп аталатыны (шайнайтын және соратын қоспалар) кеңінен танымал. Құрамында никотиннің көп болуына байланысты оларды тұтыну жүйкенің уытты бұзылысын тудырады, бұл сананың бұзылуына, одан әрі дене және мінез-құлық тәуелдігіне алып келеді.
2019 жылғы 26 қараша күні «Білім-инновация» мектеп-интернат оқушылары арасында зиянды әдеттерге, темекі тартуға, ішімдік ішуге, гиподинамияға және дұрыс тамақтанбауға қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыру және алдын алу мақсатында «Еркін тыныс ал!» атты кездесу өткізілді, бейне материал көрсетіп, өкпедегі никотин мөлшерін «Смокилайзер» аппаратымен анықтады, ақпараттық оқу-ағарту материалдары таратылды.