«Спорт- денсаулық кепілі» марафоны

2020 жылғы 31 қаңтарда Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «Арасан Ақтөбе» ЖШС, «Мейірім Ақтөбе» ҮЕҰ «SENIM салалық кәсіпқой медицина қызметкерлерінің кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалымен бірлесіп салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында коньки тебу бойынша медицина қызметкерлері арасында «Спорт - денсаулық кепілі!» ұранымен жарыс өткізді. Жарыс 2 турдан тұрды: топтық марафон және эстафета. Командалық марафондағы жүлделер: 3 орын - №2 қалалық емхана, 2 орын - №3 қалалық емхана, 1 орын - Облыстық психикалық денсаулық орталығы. Ал эстафеталық жарыста жүлделі 3 орын - №6 қалалық емхана, 2 орын - №1 қалалық емхана, 1 орын - Жедел медициналық көмек ауруханасы. Спорттық шараға барлығы 83 адам қатысып, жүлдегерлер сыйлықтар мен сертификаттармен марапатталды. Барлық қатысушыларға белсенділік пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.