«Обырсыз өмір!»

2020 жылдың 4 ақпаны Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес күні аясында «Арасан Ақтөбе» ЖШС дәрігерлердің кеңестерімен және қатерлі ісік ауруының алдын-алу және ертерек анықтау туралы, алкогольді тұтыну, темекі шегу, физикалық өсімдікті азайту арқылы денсаулықты жақсарту туралы халыққа ақпарат берумен Халықтық кеңседе «Денсаулық қалашығын» ұйымдастырды. Белсенділік, дұрыс тамақтанудың сақталуы, сонымен қатар уақытылы скринингтік тексерулердің қажеттілігі жөнінде түсіндірді. ДДҰ-ның мәліметтері бойынша дене белсенділігінің жоқтығы сүт безі мен тоқ ішек обырының басты себебінің шамамен 21-25%-ын, қант диабетінің 27%-ын, жүректің ишемиялық ауруының 30%-ын құрайды. Үнемі дене белсенділігі денсаулықты сақтауға ықпал етеді.

Белсенді адамдар: бұлшықеттерінің қалпын, сондай-ақ жүрек пен тыныс алу жүйелерін сақтайды, сүйектің және қызметтік денсаулық жағдайын жақсартады; ишемиялық жүрек ауруы, жоғары қан қысымы, инсульт, қант диабеті, тоқ ішек және сүт бездері обыры, сондай-ақ күйзелістің көрсеткішін төмендетеді; құлап қалу және жамбас мойыны немесе омыртқаның сынып кету қаупін азайтады; қалыпты салмақты оңай ұстап тұрады. 5 жастан 17 жасқа дейінгі адамдар дене белсенділігімен бірқалыпты және жоғары қарқындылықта күніне 60 минут айналысулары қажет. 18-64 жаста дене белсенділігімен бірқалыпты қарқында аптасына кемінде 150 минут немесе жоғары қарқында не бірқалыпты және жоғары қарқындылықты қоса отырып аптасына 75 минут айналысу ұсынылады. Дене белсенділігі жүрек пен тыныс алу жүйелеріне пайдалы болуы үшін әр жаттығу кемінде 10 минутты құрауы қажет. Қарт адамдар үшін басты ұсынымдар сол күйінде қалады.