«Қатерлі ісіксіз өмір!»

2020 жылдың 13 ақпан күні С.Байішев атындағы кітапханасында онкологиялық ауруларды ерте анықтау және алдын-алу туралы халықты ақпараттандыру мақсатында «Қатерлі ісіксіз өмір!» атты акция ұйымдастырылды. «Денсаулық қалашығында» №3 қалалық емхананың онколог дәрігерлері 35 әйелдерді қабылдап, «Арасан Ақтөбе» ЖШС терапевт маманы инфекциялық емес аурулар бойынша 68 адамға кеңес беріп, қандағы қант деңгейі анықталды. Акцияның барлық қатысушыларына онкологиялық аурулардың, оның ішінде сүт безі обыры бойынша скринингтік тексеруден өтудің маңыздылығы туралы кеңес берді, оқу-ағарту материалдар таратылды.