«Темекі шегу – денсаулыққа зиян келтіру!»

2020 жылдың 27 ақпан күні №37 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары арасында темекішегушіліктің алдын алу бойынша семинар – тренинг өткізілді. Темекі шегу - бұл шылым шегуге де, темекі тартпаған адамдар үшін, әсіресе жастар үшін, қоғам үшін әлеуметтік проблема. Темекі бұйымдарының құрамындағы улы заттар жасөспірімдердің физикалық және психикалық дамуын бәсеңдетеді. Шара барысында темекінің адам ағзасына тигізетін әсері туралы бейнеродик көрсетіліп, көрнекі құралдары пайдаланылды.