«Өзіңді туберкулезден сақта!»

2020 жылдың 3 науырыз күні туберкулездің алғашқы белгілері, уақытында медициналық көмекке жүгінудің маңызы және уақытында емделудің тиімділігі туралы ақпарат алуын арттыру мақсатында № 1 қалалық емханасы мамандарымен бірлесіп № 34 мектеп оқушылары арасында «Өзіңді туберкулезден сақта!» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Шара аясында туберкулездің алдын алу бойынша баяндамамен сөз сөйлеп, бейнероликтер көрсетілімі, интеллектуалдық ойынмен мен ақпараттық оқу-ағарту материалдарын тарату ұйымдастырылды.