Салауатты өмір салтын ұстануда скандинав жүрісінің рөлі зор

Салауатты өмір салтын ұстануда скандинав жүрісінің рөлі зор Қазір қос таяқпен жаяу жүретін скандинав жүрісі (Nordic walking - норд немесе фин жүрісі) ең танымал спорт түрі болды. Скандинав жүрісі тиімді, жанға жайлы және кез келген жастағы адамдарға қолайлы, денені шынықтыруға көмектеседі және алға қойылған мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді. Қалыпты дене белсенділігінің басқа түрлерімен қатар скандинав жүрісімен тұрақты айналысу жүрек ауруы, 2-ші дәрежелі диабет, демікпе, инсульт және обырдың кейбір түрлері сияқты созылмалы аурулар қаупін төмендетеді. Скандинав жүрісінің физиологиялық пайдасы: - Бүкіл дененің бұлшық етін тонуста ұстайды. - Жүргенде бұлшық еттің 90%-ы шынығады. - Әдеттегі жүріске қарағанда калория 46% -ға көп жоғалтады. - Тізе буындары мен омыртқаға түсетін қысым төмендейді. - Жүрек пен өкпеге өте жақсы әсер етеді. - Мойын, иық, арқа және жалпы тірек-қимыл аппараты проблемаларын шешуге болады.