«Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!»

«Денсаулық» саябағында «Арасан Ақтөбе» ЖШС салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігерлері спорттың барлық ауруларға ең жақсы дәрі ретінде пайдасы туралы әңгіме өткізді.

Тиісті қарқында үнемі дене белсенділігімен айналысу:

• бұлшықеттің жағдайын, сондай-ақ жүрек пен тыныс алу жүйесін жақсартады;

• сүйек пен қызметтік денсаулық жағдайын жақсартады;

• гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, инсульт, қант диабеті, обырдың түрлері (оның ішінде сүт безі мен тоқ ішек обыры) және депрессияның даму қаупін азайтады;

• құлап қалу мен жамбас мойыны мен омыртқаның сынып кету қаупін төмендетеді; және

• қуаттың алмасуы мен қалыпты салмақты сақтаудың негізі.