Сау бала – сау ұрпақ!

Ауруларды ерте анықтау және алдын алу айлықтың аясында, 24 мамыр мен 31 мамыр аралығында «Сау бала – сау ұрпақ» апталығы өткізілуде. Облыстың барлық емдеу алдын алу мекемелерінде балалардың профилактикалық тексерулері ұйымдастырылады. Білікті дәрігерлердің кеңесін алуға және қабылдауына келем деушілер аймақ бойынша тіркелген емханаларға жүгіне алады.