Қолқа демікпесі онкүндігі

Назар аударыңыз!

2014 жылдың 28 сәуірінен бастап 7 мамыр аралығында қолқа демікпесі  онкүндігі өткізіледі

Дүниежүзілік бронх демікпесімен күрес күнін және оған орайластырылған 2014 жылғы 28 сәуір мен 7 мамыр аралығында бронх демікпесі профилактикасы жөнінде онкүндік өткізу тұжырымдамасы

 

            Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауына сәйкес,Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының және ҚР ДСМ «2014 жылға арналған саламатты өмір салтын қалыптастыру мен аурулардың профилактикасы жөнінде іс-шараларды өткізу туралы» 2014 жылғы 27 қаңтардағы №45 бұйрықтың шеңберінде СӨСҚПҰО мен «ҚР Аллергологтар мен клиникалық иммунологтар ассоциациясы» ҚҰ-ның ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен республика өңірлерінде 28 сәуір мен 7 мамыр аралығында Дүниежүзілік бронх демікпесімен күрес күніне (7 мамырға) орайластырылған бронх демікпесінің профилактикасы жөнінде онкүндік өткізіледі.

            Бронх демікпесі кең таралған созылмалы аурулардың бір түрі. ДДҰ-ның мәліметі бойынша әлемде 5%-ға жуық ересек тұрғын мен 5-тен 30%-ға жуық бала бронх демікпесінен зардап шегеді. Бұл тыныс алу жолдарының ауыр созылмалы ауруы. Демікпемен ауыруда ішкі және сыртқы орта факторлары, сондай-ақ әр адамның тұқым қуалаушылық ерекшеліктерінің белгілі бір рөлі бар. Сонымен қатар демікпе дер кезінде және дұрыс жоспарланған профилактикалық  шаралар арқылы алдын алуға болатын аурулар тобына жатады. Қазірге кезде  бірнеше компоненттер мен кезеңдерден (қадамдардан) тұратын бронх демікпесінің менеджменті өзекті.

            Демікпе профилактикасының басты бағыты аллергия мен тыныс жолдарының созылмалы ауруларының асқынуына жол бермеу. Тітіркендіретін химиялық заттек байланыстағы балалар аллергиядан жиі зардап шегеді және бронх демікпесімен жиі ауырады. Жиі кездесетін ингаляциялық аллергендер үй шаңы, ұсақ кенелер, үй жануарларының жүні, көгеру, тағамның кейбір түрлері, өсімдік тозаңы болып табылады. Заманауи медициналық тәжірибе демікпе профилактикалық шараларын дұрыс жиі жүргізу науқастың демікпеге қарсы дәрі-дәрмекке мұқтаждығын айтарлықтай төмендетуі үшін жеткілікті.

            Демікпе туралы деректер:

·        ДДҰ-ның бағалауынша қазір демікпемен 235 миллион адам ауырады. Демікпе балалар арасында кең таралған созылмалы ауру болып табылады.

·        Демікпе тек табыс деңгейі жоғары елдердің ғана қоғамдық денсаулық сақтау мәселесі емес; онымен елдердің даму деңгейіне байланыссыз барлық адамдар ауырады. Демікпемен байланысты өлім-жітім оқиғасының көбі табыс көзі төменгі және орта-төменгі деңгейдегі елдерде болады.

·        Демікпені диагностикалау мен емдеу деңгейінің жеткіліксіздігі жеке тұлғалар мен отбасы үшін айтарлықтай ауыртпалық тудырады және өмір бойы адам қызметін шектейді.

 

Демікпенің себептері:

Демікпенің негізгі себептері толықтай анықталмаған. Демікпе ауруының ең маңызды қауіпті факторлары 3 топқа бөлінеді: бейімді (атопия, генетикалық бейімделген, жоғары белсенді), себепті немесе сезімтал (төсек-орын жабдықтарындағы, кілемдердегі және жұмсақ жиһаздардағы шаң-тозаң кенелері, ауаның ластануы мен жануарлардың қайызғағы, гүлтозаң және көгеру, аспирин, гипертонияны, жүрек ауруын және бас сақинасы емдеу үшін қолданылатын дәрі-дәрмек және т.б.), ықпал етуші (респираторлық вирустық инфекциялар, тағам, темекі, жұмыс орындарындағы химиялық тітіркендіргіш заттектер, ауаның ластануы).

Сонымен қатар, демікпені асқындырушы (физикалық жүктеме, суық ауа, өткір иіс, эмоциялық жүктемелер және т.б.) факторлар анықталған. Медициналық қолдау кезінде демікпемен ауыратын әр науқас қандай қоздырғыш заттан аулақ болу керектігін білуі керек.

Демікпенің ауыртпашылығын төмендету:

Демікпенің емделмейтініне қарамастан науқастардың тиісті әрекеті ауруды бақылауда ұстауға және сапалы өмір сүруге мүмкіндік береді. Демікпенің белгілерін жеңілдету үшін қысқа мерзімді әсер ететін дәрі-дәрмектер қолданылады. Демікпемен тұрақты ауыратын науқастар демікпенің белгілері мен ұстаманы бақылау үшін ұзақ мерзімді әсер ететін дәріні күнделікті қолдануы керек.

Демікпемен күресте дәрі жалғыз тәсіл болып табылмайды. Демікпеден көп адамның созылмалы обструктивтік өкпе ауруы және  басқа созылмалы ауруларға қарағанда өлмейтініне қарамастан,  егер тиісті дәрі-дәрмекті қабылдамаса және медициналық нұсқаулықты сақтамаса өлімге душар болуы мүмкін.

Осы жылы Дүниежүзілік бронх демікпесімен күрес күні мен бронх демікпесінің профилактикасы жөнінде республикалық онкүндік  «СІЗ ДЕМІКПЕНІ БАҚЫЛАУДА ҰСТАЙ АЛАСЫЗ» ұранымен өтеді.

Дүниежүзілік бронх демікпесімен күрес күні мен онкүндіктің мақсаты: Мәселелерге жұртшылықтың назарын аудару, бронх демікпесіне қатысты қазіргі медицинаның хабарлылығын арттыру, сондай-ақ бронх демікпесімен ауыратын науқастарға арнайы көмек көрсету.

Нысаналы топтар:

·         ересек тұрғындар

·         мектепке дейінгі жастағы балалар

·         жалпы білім беретін мектепте оқитын оқушылар, ЖОО мен ОАОО-ның студенттері

Ұсынылатын іс-шаралар:

1.                  «Мінез-құлықтық қауіп факторлары мектебі», «Бронх демікпесі мектебі» қызметтерін жетілдіру, тыңдаушыларды қамтуды арттыру, берілген ақпарат сапасын жоғарылату, интерактивті әдімтерді қолдану.

2.                  МСАК ұйымдарында, жалпы білім беретін мектептерде, ОАОО мен ЖОО-да бронх демікпесінің профилактикасы бойынша аудио-бейнероликтерді көрсету.

3.                  Аллергологтардың қатысуымен бронх демікпесінің профилактикасы мен ерте анықтау мәселесін хабарлау арқылы  дөңгелек үстелдер, баспасөз мәжілістерін, семинар-тренингтер өткізу.

4.                  Бронх демікпесі, педиатрларды, пульмонологтарды, аллергологтарды және т.б. мамандарды тарту арқылы профилактика мәселелерін БАҚ-қа хабарлау.

5.                  Бронх демікпесінің профилактикасы мәселесі бойынша аллергологтардың қатысуымен теле-радиобағдарламалар өткізу.

6.                  Салауатты өмір салты қағидалары: үйлесімді тамақтану, шынығу және т.б. арқылы денсаулықты сақтау мен нығайту, бронх демікпесі ауруының профилактикасы мәселесі жөнінде ақпараттық-көрнекті материалдармен халықты қамтамасыз ету.

7.                  Бронх демікпесінің профилактикасы жөнінде ақпараттық-білім беру материалдарының таралымын көбейту мен тарату.

 

Күтілетін нәтижелер:

1.                  Бронх демікпесінің профилактикасы мәселесі жөнінде халықтың ақпараттылығын арттыру.

2.                  Профилактика және осы ауруды дұрыс емдеу мәселесі жөнінде медицина қызметкерлерінің білімі мен жауапкершілік деңгейін жоғарылату.

3.                  Салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар санын арттыру, аурушаңдылықты төмендету, қазақстандықтардың өмір сапасын ұзақтылығын арттыру.

СӨСҚПҰО-ға 2014 жылғы 19 мамырға дейін:

1.                  Қоса беріліп отырған есептік формаға сәйкес Дүниежүзілік бронх демікпесімен күрес күнін өткізу нәтижесі бойынша есеп пен фотоматериалдармен бірге ақпаратты келесі электрондық мекенжайға жіберілу керек: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , тел.: 8 (727) 291 84 15.

 

Әзірлеген: Н.Ғ. Тілеубаева – бағдарлама үйлестіруші

                    А.Ф. Иманалин – МСАК және ӘМА бөлімінің жетекшісі

 

Келісілді:  С.Б. Мұқашева – Профилактикалық бағдарламалар жөніндегі СӨСҚПҰО директорының орынбасары

                      

Ж.Б. Испаева – м.ғ.д., профессор, ҚР ДСМ бас балалар аллергологы, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Аллергология курсының меңгерушісі, ҚР Аллергологтар қауымдастығының президенті, аллергология орталығының жетекшісі.