Жедел ішек инфекциясының алдын алу бойынша онкүндік

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

 

 2014 жылдың маусым айының 2-12 аралығында жедел ішек инфекцияларының алдын алу бойынша онкүндік өтуде  

 

 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен ҚР ДСМ «2014 жылға арналған саламатты өмір салтын қалыптастыру мен аурулардың профилактикасы жөнінде іс-шараларды өткізу туралы» 2014 жылғы 27 қаңтардағы №45 бұйрығын іске асыру мақсатында СӨСҚПҰО-ның ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен республика өңірлерінде  2014 жылдың 2-ші және 12 маусымы аралығында жедел ішек инфекциясының алдын алу жөнінде онкүндік өткізіледі.  

         Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сәйкес «жедел ішек инфекциясы» (ЖІИ) термині 30-дан аса бактериялық, вирустық немесе протозойдтық этиологиялық аурулар жатады, оның басты белгісі - іштің өтуі.

         ЖІИ өмірге тікелей қауіп тудыра отырып ауыр жағдайдағы науқастың барлық ағзасына таралып және дамуына байланысты ең өзекті инфекциялық аурулардың бірі болып табылады. ДДҰ-ның мәліметінше, жыл сайын «диареялық» аурудан 1-1,2 млрд. оқиға тіркеліп, 5 млн. жуық бала ЖІИ мен оның асқынуынан қаза табады. Балалардың үлесіне барлық ЖІИ оқиғасының 60-65%-ға жуығы жатады, 1 жастан 7 жасқа дейінгі балалар ауырады. Ең жоғары көрсеткіштер 2 жасқа дейінгі балалар тіркеледі.  

         Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігінің «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау және бақылау ғылыми-практикалық орталығының» мәліметі бойынша 2012 жылы тіркелген 16 659 оқиға, балалар арасындағы  12 238 оқиғаға қарағанда 2013 жылы ЖІИ-дің барлығы 14 722 оқиғасы тіркелді, оған бактериялық дизентерея, басқа белгілі ішек инфекциялары, белгісіз бактериялық және вирустық инфекциялар кіреді, оның ішінде балалар арасында 10 833 оқиға, ол 12%-ға, ал балалар арасында 11%-ға азайған. Мұнымен қатар сальмонеллёз инфекциясының 2012 жылғы 1 667 оқиғасы 2013 жылы 1 404 оқиғаға дейін төмендеген, сондай-ақ ротавирустық энтериттің 2 325-тен 1 848-ге дейін төмендегені байқалады.  

         Негізінен ЖІИ қоздырғыштарын жұқтыру тұрмыстық, тағамдық, су арқылы жұғады, осыған байланысты гигиеналық шараларды сақтау қажет.

         ЖІИ-дің маңыздылығы дененің улануымен, сусыздануымен аурудың ауыр түрінің белгілерінің қалыптастуы арқылы ерте жастағы балалар тобында бірден артады.

         ЖІИ-дің емделуі көбінесе дер кезінде дәрігерге жүгінуге, диагноз қоюға және көмек көрсету тәсіліне байланысты. Қолайлы жағдайдың өзінде де жедел ішек инфекциясы ағзалардың қызметінің бұзылуына алып келеді және денсаулығы төмен балалардың түрлі инфекциялар мен тән ауруларына шалдығуына ықпал етеді. Мұның бәрі осы мәселенің өзектілігін және ЖІИ-дің алдын алу туралы халықтың ақпараттылығын арттырудың маңыздылығын ескертеді.  

 

Онкүндікті өткізу мақсаты:

1) Халықтың жедел ішек инфекциялары, олардың таралуы мен жұқтырудан сақтандыру шаралары, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау жөніндегі ақпараттылығын арттыру.

2) Балаларды, жасөспірімдерді жеке тазалық гигиенасына сақтауға дағдыландыру.

3) Денсаулықты сақтау мен нығайту үшін халықтың, жұмыс берушілердің, қызметкерлердің  ақпараттылығын арттыру.

 

Нысаналы топтар:                

      Ересек тұрғындар, балалар, жасөспірімдер, жастар

      3 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналар

      Барлық жекеменшік түріндегі ұйымдардағы (мекемелердегі) қоғамдық тамақтану орындарына басты назар аудару арқылы жұмыс берушілер мен қызметкерлер

 

Серіктестер:

Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының ҚР тұтынушылардың құқығын қорғау агенттіктерінің тұтынушылардың құқығын қорғау департаменттері

      Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының Денсаулық сақтау басқармалары

      Амбулаторлық-емханалық ұйымдар

•  Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының Білім беру басқармалары

    Бұқаралық ақпарат құралдары

·        Үкіметтік емес ұйымдар

Шешу жолдары:

1.     Халықты жедел ішек инфекциясының пайда болу себептері, алғашқы белгілері, ЖІИ-дің алдын алу әдістері туралы ақпараттандыру.

2.     Жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау жөнінде білім мен дағдыларды күшейту, ақпараттық-білім беру материалдарын тарату арқылы жұмыс берушілер мен қызметкерлер, ата-аналарға назар аудара отырып, халық арасында барлық кешенді ақпараттық-білім беру науқанын жүргізу арқылы салауатты өмір салтын ұстану.

3.     Әр азаматтың денсаулығын сақтау мен жақсартуға жұмыс берушінің, қызметкердің және ата-аналардың ортақ жауапкершілігін қалыптастыру.

4.     ЖІИ-дің алғашқы белгілері білінісімен медициналық көмекке дер кезінде жүгінуге халықтың бейімділігін дамыту.

 

 

Ұсынылатын іс-шаралар жоспары:

1.     БАҚ арқылы халықты ақпараттандыру: теле-радиода сөз сөйлеу, баспасөз мәжілісі, өңірлік басылымдарға жариялау, акциялар өткізу, ЖІИ-дің алдын алу мәселелерін хабарлау үшін тақырыптық бағдарлама өткізу.

2.     ЖІИ-дің алдын алу жөнінде қызығушылық танытқан тұлғалармен жиналыстар, дөңгелек үстелдер өткізуді ұйымдастыру.

3.     ЖІИ-дің алдын алу жөнінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты жұмыс орындары», «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін ауруханалар», «Салауатты университеттер» жобасының шеңберінде мектепке дейінгі балаларға арналған ұйымдардың, лагерьлердің, балалар үйінің, интернаттардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың қызметкерлері үшін оқыту семинарлары мен тренингтер ұйымдастыру және өткізу.

4.     ЖІИ-дің алдын алу жөнінде қоғамдық тамақтану, азық-түлік саудасы мен тағамдық өнеркәсіп кәсіпорындарының сауда орындарындағы қызметкерлерін оқытуды (дәрістер, әңгімелесулер) ұйымдастыру.

5.     ЖІИ-дің алдын алу жөнінде терапевтердің, жалпы практика дәрігерлерінің, педиатрлардың консультация беруі арқылы Ашық есік күндерін ұйымдастыру, емізудің маңыздылығы, әсіресе МСАК ұйымдарындағы Дені сау бала кабинетінде ата-аналардың білім деңгейін арттыру.

6.     «Таза қол – денсаулық негізі», «Қолды не үшін жуу қажет?» тақырыбында мектепте, жазғы, сауықтыру лагерьлерінде, балалар үйінде, интернаттарда және басқа мектепке дейінгі ұйымдарда сурет байқауларын, билер, театрландырылған қойылымдар, түрлі спорттық ойындар өткізу.

7.     Гигиеналық білімді насихаттау, ЖІИ-дің алдын алу жөнінде стендтер, санитарлық бұрыштар, санбюллетеньдерді жаңарту мен орналастыруды қамтамасыз ету.

8.     ЖІИ-дің алдын алу жөнінде халық жаппай келетін жерлерде аудио және бейнероликтерді көрсетуді қамтамасыз ету (2013 жылғыролик).

9.     ЖІИ-дің алдын алу жөнінде ақпараттық-білім беру материалдарын (бүктемелер, плакаттар) таратуды қамтамасыз ету.