нашақорлықтың алдын алу бойынша айлық

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

2014 жылдың маусым айының 2-нен шілденің 2-сі аралығында Халықаралық нашақорлыққа  және есірткі айналымына қарсы күрес күніне орайластырылған айлық өтуде 

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен ҚР ДСМ «2014 жылға арналған саламатты өмір салтын қалыптастыру мен аурулардың профилактикасы жөнінде іс-шараларды өткізу туралы» 2014 жылғы 27 қаңтардағы №45 бұйрығын іске асыру мақсатында СӨСҚПҰО-ның ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен Қазақстан Республикасының өңірлерінде 2014 жылдың 26 маусымында  Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күні мен оған орайластырылған 2014 жылғы 2 маусым мен 2 шілде аралығында «Сенің есірткің САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ болсын!» ұранымен айлықөткізіледі.

Мәліметтер бойынша әлемде есірткі тұтыну 15-49 жас аралығындағы тұлғалардың кеңінен таралған өлім-жітім тізімінде жетінші орынды алуда. Мәліметтерге сәйкес жыл сайын есірткіге байланысты  211 мың өлім-жітім орын алады, сондай-ақ үлкен қауіпті топ жас адамдар болып отыр.

 Жыл сайынғы БҰҰ-ның есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің 2013 жылғы Дүниежүзілік есірткі туралы баяндамадасында героин мен кокаин секілді дәстүрлі препараттарды қолдану төмендегенде, әлемнің кейбір  жерлерінде  рецепт бойынша босатылатын дәрілер шамадан тыс қолданылуда, ал жаңа психологиялық белсенді заттектерді тұтыну артуда. Осыған байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткі мен қылмыс жөнінде басқармасы бұл заттектерді өндіру, айналымға шығару мен шамадан тыс тұтынуға жол бермеу мақсатында келісілген әрекеттер қолдануға қатысуға шақырады.

 ХЕБК-ның мәліметінше «заңды есірткілер» және «дизайнерлік есірткілер» ретінде сатылатын жаңа психологиялық белсенді заттектер (бұдан әрі - ЖПБЗ) теңдессіз жылдамдықпен таралуда және қоғамдық денсаулық сақтау саласына күтпеген қиындықтар туғызуда. Баяндамада ЕмҚБҰҰ хабарлаған ЖПБЗ-ның көлемі 2009 жылдың аяғында 166-дан 2012 жылдың ортасында 251-ге дейін 50 пайызға өскен. Алғаш рет ЖПБЗ-ның көлемі халықаралық бақылаудағы (234) жалпы заттектердің көлемінен асып түсті. Себебі жаңа зиянды заттектер есірті нарығына үнемі үздіксіз шығып отырғандықтан халықаралық есірткіні бақылау жүйесі қазіргі уақытта ЖПБЗ-ның пайда болуынан қиындыққа тап болуда.

ЖПБЗ-ның қауіптілігі заңмен тыйым салынбаған, қауіптілігі тексерілмеген және дәстүрлі препараттарға қарағанда қауіптірек болуы мүмкін. «Спайс», "мяу-мяу" және «ваннаға арналған тұз» секілді кезбе атаулар жастарды адастырып, қауіпі төмен ләззат алады деп сендіреді. Жаңа психологиялық белсенді заттектердің химиялық құрылымын бітпейтін өзгерту мүмкіндігін есепке ала отырып, жаңа құрам оны халықаралық бақылауға қою әрекетінен басып озуда.

Қазіргі таңда Қазақстанда есірткіні тарату мен тұтынуға қатысты жағдай, әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін шынайы қатер тудырып отыр. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (ҚР ДСМ) наркологиялық ұйымының ресми статистикасы бойынша психологиялық белсенді заттектерді (ПБЗ) (алкоголь мен темекіден басқа) тұтынуға байланысты наркологиялық аурушаңдылық 2012 жылы 100 мың халыққа шаққанда 30,1-ді құрады (2011 жылы – 37,1). Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалар арасында (1,4) және әйелдер арасында (6,7), бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен, дегенмен жалпы халықты алғанда жастар арасында (67,4) екі есеге жоғары.   

ПБЗ-ны (алкоголь мен темекіден басқа) тұтынудан туындаған психологиялық және мінез-құлықтық бұзылуымен ресми тіркелген науқастар саны ҚР бойынша 2011 жылға қарағанда 2012 жылы 2011 жылы 270,3-те 2012 жылы 100 мың халыққа шаққанда 234,01-ге төмендеген. Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалар (14 жасқа дейінгі балалар - 1,1; 15-17 жастағы - 61,7) мен әйелдер арасындағы (36,1) көрсеткіші айтарлықтай төмен. 18-29 жастағы жастар арасында наркологиялық патологиямен (алкоголь мен темекіге байланысты патологиядан басқа) есепте тұрған пациенттер саны осы жастағы 100 мың халыққа шаққанда 2012 жылы 314,4-ті құрады, ол жалпы халық арасында 1,3 есе көп (4-кесте).

Инъекциялық есірткілерді тұтыну (ИЕТ) үлесі (29793 адам) барлық наркологиялық есепте (алкоголь мен темекіге байланысты патологиядан басқа) тұрған адамдар арасында кәмелеттік жасқа толмаған ИЕТ үлесі - 0,1%, 18-29 жастағы ИЕТ жастар үлесі -  14,0%, ИЕТ әйелдер үлесі - 7,9%.

01.01.2013 жылдың ресми статистикалық мәліметі бойынша наркологиялық қызмет ұйымдарында есепте  24,5% ИЕТ тұрған, оны бағалау көлемі (¼ бөлігі). ИЕТ-ның 89%-ын ер адамдар, 11%-ын әйел адамдар құрайды. Халық санының арақатынасына 15 жастағы және одан жоғары есірткі тұтынушылардың үлесі 0,9%-ды құрайды. Инъекциялық есірткіні тұтынушылардың ең көбі Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында орын алған.

Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес күні әлем жұртшылығының назарын жастар мен жасөспірімдерге ерекше көңіл аудару арқылы халық арасында психологиялық белсенді заттардың таралуына жол бермеуге күшті біріктіруге назар аударуға мүмкіндік береді.

Бала жасөспірім және жас кезінде физикалық, эмоционалдық, психологиялық ерекшелігімен аса назар аударуды талап етеді. Осы кезде денсаулықты сақтаудың негізгі аспектісі дер кезінде мінез-құлықтық қауіпті факторлар, олардың денсаулыққа кері әсері, өмір сапасын төмендететін аурудың дамуы; психологиялық белсенді заттектерді тұтынудан бас тартуға, қоғамда отбасының рөлін арттыруға, өзінің және жақындарының денсаулығына қатысты жауапты қауіпсіз мінез-құлыққа тұрақты уәждемені дамыту жөнінде ақпарат беру болып табылады. Қоғамда отбасының рөлін арттыруға, ата-ана, туыстар, мектеп қоғамы, құрдастар тарапынан «тең-теңімен» қағидасы бойынша психологиялық қолдауды қамтамасыз етуге кішті біріктіруге, бұл жұмысқа тек білім беру мекемелерінің ғана емес, МСАК деңгейінде мамандарды да тартуға ықпал ету қажет.

 

Айлықтың мақсаты:жасөспірімдер мен жастардың денсаулығына қатысты жауапты, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал ететін психологиялық және әлеуметтік жағымды жағдай туғызуды, сондай-ақ психологиялық белсенді заттектерді тұтынудан бас тартуға дағдыландыруға жұртшылықтың назарын аударуды; Қазақстан Республикасында қызмет етіп жатқан Жастар денсаулық орталықтарының қызметін жастар мен жасөспірімдерге медициналық-психологиялық әлеуметтік қолдау көрсетуді  жетілдіру. 

 

Міндеті:

·                   Жасөспірімдердің, жастардың және барлық қоғамның есірткі мен психологиялық белсенді заттектерді тұтынудың зияны мен салдары туралы сауаты мен ақпараттылық деңгейін арттыру;

·                   Жасөсіпірімдер мен жастардың денсаулық сақтауға дағдыландыруға ықпал ету;

·                    Жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға уәждемесін және ортақ жауапкершілігін қалыптастыру;

 

Нысаналы топтар:

Жасөспірімдер, жастар, педагогтар, ата-аналар.

 

Серіктестер:

·               Наркологиялықдиспансерлер

·               Тері- венерологиялық диспансерлер

·               Облыстық және қалалық ЖИТС-пен күрес және оның алдын алу жөніндегі орталықтар

·               МСАК ұйымдары

·               ІІД НБКБ

·               Жастар ұйымдары мен қауымдастықтары

·               Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі басқарма

·               Бұқаралық ақпарат құралдары

·               Үкіметтік емес ұйымдар

 

 

 

Ұсынылатын іс-шаралар:

1.                Нашақорлықтың алдын алу мәселесі жөнінде ақпараттық-білім беру материалдарын тарату арқылы халық арасында ақпараттық науқан өткізу; 

2.                БАҚ-қа хабарлау арқылы барлық қызығушылық танытқан тараптар мен танымал тұлғаларды (актерлер, спортсмендер, эстрадалық орындаушыларды) тарту арқылы психологиялық белсенді заттектерді тұтынудың алдын алу тақырыбында баспасөз мәжілістерін, дөңгелек үстелдер, пікірталастар өткізу;

3.                Халық көп жиналған орындарда танымал тұлғаларды (актерлер, спортсмендер, ардагерлер мен басқа да адамдарды) тарту арқылы «Сенің есірткің САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ болсын!» ұранымен нашақорлықтың алдын алу жөнінде флэш-мобтар өткізу;

4.                Құзырлы органдармен бірге БАҚ-қа хабарлау арқылы ойын-сауық орындарында наркотикалық заттектерге тыйым салуды бақылау бойынша рейдтер ұйымдастыру және өткізу;

5.                Жасөсіпірімдер ман жастар командаларының арасында жастардың шығармашылық қабілетін біріктіру және өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттай отырып,  психологиялық белсенді заттектерді тұтынудың алдын алу, бос уақытты үйлесімді қолдану, өзі мен айналасындағыларға саналы және жауапты қарым-қатынас жасауға дағдыландыру түрлеріне жаңа оңтайлы әдістер құру мақсатында салауатты өмір салты тақырыбын (оның ішінде, театрландырылған қойылымдар, музыкалық аспаптарда ойнау, баттлдар, билер, КТК, граффитилер және т.б.) ашатын «Сау болу сәнді!» тақырыбында есірткінің алдын алу жөнінде байқаулар өткізу;

6.                Балалар үйінде, мектепте және қала сыртындағы жазғы демалыс лагерлерінде, сауықтыру лагерлерінде спорттық іс-шаралар, сурет (оның ішінде, граффитилер, асфальтқа бормен сурет салу) байқауларын, «Сенің есірткің САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ болсын!» атты плакаттар, шығармалар өткізу;

7.                Айлық кезінде халықтың түрлі тобын, оның ішінде жасөспірімдер мен жастарды тарту арқылы акциялар (салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың қатысуымен теле және радиобағдарламалар, балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен спорттық жарыстар мен жаппай мәдени шаралар) ұйымдастыру және өткізу;

8.                Психолог, нарколог, заң мамандарының және әлеуметтік қызметкерлердің кеңес беруі арқылы МСАК ұйымдарында, наркологиялық диспансерлерде, жастар денсаулық орталықтарында, темекіге қарсы орталықтарда Ашық есік күндерін өткізу;

9.                Аса мұқтаж балалар мен жасөсіпірдерге, сондай-ақ халықтың осал тобы үшін оқушылар сарайында, спорттық кешендерде Ашық есік күндерін өткізу; аула клубтарының жұмысын жетілдіру;

10.           Жасөспірімдер мен жастарды тәуліктік «Шұғыл желі - 150» қызметі жөнінде ақпаратпен қамтамасыз ету;

11.           Өңірлік радио және телеарналардан, сондай-ақ халық жаппай келетін орындарда ПБЗ-ның алдын алу жөнінде аудио-бейнероликтерді жалға беруді жүргізу;

12.           Психологиялық белсенді заттектерді тұтынудың алдын алуды кеңінен хабарлау үшін сыртқы жарнаманы (баннерлер, билбордтар, лайтбокстарды) қолдану;

 

13.           Өткізілген профилактикалық іс-шараларды БАҚ-қа, ғаламторға, әлеуметтік желілерге кеңінен жариялауды қаматамасыз ету.