Темекішегушіліктің зияны туралы

Темекішегушіліктің зияны туралы Осы күнге дейін адамзат темекішегушіліктің нағыз әсерін мойындамағаны ма? Сіз де өз ағзаңызды уландырып, түбіне жету үшін темекі шегесіз бе? Бір түйір темекі шеккеннен кейін жүректің соғу жиілілігі көбейе түсіп, қысымы жоғарылап, қан тамырлары жиырылады да, уақыт өте тромбтың (қанның ұйығы) пайда болуына ықпал ететін жағдайға душар боласыз. Аяқ асты өлім қаупі бірнеше есе көбейе түсетіндігі мәлім. Темекі шегу-өліммен тең! Темекі шегетіндер, әдетте, темекі шегудің жүрек-қан тамыры жүйесіне айтарлықтай әсер ететіндігін мойындамайды. Бір темекі тартқан соң асқынудың себебінен тыныс алу жолдары тарылады да, қақырық бөліну белсендіріледі, жөтел пайда болады, жиі жағдайда демікпе ұстамасы туындайды. Темекі түтінінің құрамындағы никотин өкепедегі қатерлі ісік жасушасының бөлінуі мен көбеюіне әсерін тигізеді. Тыныс алу органдары да зардап шегеді. Бір дана темекі тартудың салдарынан ауыз қуысында кеселді ісіктің пайда болуы мүмкіндігін тудыратын өзгерістер байқалады. Оған қоса, ұйқы безі қатерлі ісігінің даму қаупі жоғарылайды, демек, хирургиялық, оның ішінде медициналық емдеу тәсілдерімен аталмыш ісікті жоюға еш мүмкіндік жоқ. Көздің ішкі тор қабығының қан айналымы бұзылып, көз түбінің өзгеруі байқалады да, орталық көру жүйесі нашарлайды. Сондай кері әсерлердің бірі темекі шегу барысында репродуктивті жүйеге де келтіріледі, яғни соның салдары белсіздік пен бедеулікке әкеліп соғады. Темекі шегудің әсерін ана жатырында жатқан бала да сезінеді, өйткені онда да денсаулыққа қатысты әсері тиер мәселелер пайда болады. Темекі құрамында бутан, кадмий, тұншықтырғыш газ, никотин, гаксамин,винил хлориді, нафталин, ацетон, оманиий, метанол, мышьяк, метан, полоний, радий, торий, смола-барлығы 4 000 уландырғыш қасиеті бар химиялық заттектері бар. Осы аталған заттардың кез келгені адам ағзасына зиянын тигізбей қоймайды. Никотин – есірткі болғандықтан алдымен орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Темекіні шегудің алғашқы кезеңінде, бір-екі минуттан кейін ол миға жетіп, оған жағымды әсер етіп, уақытша белсенділігін оятады. Адам эйфорияға беріліп, күш қосылғанын байқайды. Бірақ бұл қысқа мерзімді әсер ғана. Сондықтан адам темекіні үсті үстіне шегуге мәжбүр. Бірте бірте ол ағзаның үйреншікті стимуляторы болып, адам өз әдетінің құлына айналады. Көміртегі тотығы қандағы гемоглабиннің эритроциттерімен оңай және тез қосылып, өз орнын ағзаға қажетті оттегіге босатпайды. Одан ағзаның барлық жасушаларында оттегі жетіспеушілік туып, ми нейрондары да зақымдана бастайды. Көгертуші қышқыл да ағзаның оттегі жетіспеушілігін тудырады. Ол оттегінің жасуша мембраналары арқылы өтуіне кедергі жасайды. Органикалық қышқылдар сілтілер (аммиак) тыныс жолдары мен өкпенің шырышты қабаттарын тітіркендіріп, қабыну процестеріне себепкер болады. Өкпе мен тыныс жолдарында жылбысқы сұйықтық көп бөлініп, оған микроорганизмдерден, оның ішінде туберкулезден қорғану механизмдері бұзылады. Жоғарыда аталған ауыр металлдардың тұздары – өте күшті у болып табылады. Кадмий С дәруменімен қосыла отырып қатерлі ісіктің пайда болуына себепкер бола алады. Бензопирен мен полоний, калий, висмут изотоптары – өте активті канцерогендер. Олар қалыпты жасушалардың өзін қатерлі ісік клеткаларына айналдыра алады. Кез келген ересек адам темекіге деген құмарлықтың салдары туралы білуі ықтимал. Кейбіреулері білмейтінді туралы айтуы мүмкін, алайда қалай айтсақ та, Жер шарының 40% тұрғыны- темекі шегудің зиянын толықтай мойындағысы келмейді. Ал, біз осы мақаланы оқып отырған сәтімізде, аталмыш дерттің кесірінен 20 адам көз жұмды. Ал келесі 6 секунд ішінде осындай жағдай сіздің басыңызға да төнуі мүмкін. Мүмкін доғаратын кез келген шығар?Сіз отырған сайт Сізге темекі шегудің әсері туралы бар шындықты паш еткелі отыр. Темекі шегу барысында Сіз күмәнді ләззаттың салдарын өлшеп көріп, сол жөнінде темекі түтінімен аззаңызды улағыңыз келген уақытта есіңізге түсіріңіз. Сіздің денсаулығыңыз тек сіздің ғана қолыңызда, сіз ғана өз өміріңіз үшін жауаптысыз және де сіздің өміріңізде темекі шегушілікке орын болмауы тиіс. Әсерлі әдеттен бас тарту қиын ба? Ол үшін мыңдаған әдістерді қолдануға болады: Бәлкім Сіздің арманыңыз бар шығар және оны жүзеге асыруға қаражатыңыз жетпейтін болар? Егер арман болмаған жағдайда да, Сіз артық қаражатыңыз болса сатып алғыңыз келетін бұйымыңыз болуы ықтимал. Міне, келесі мезетте қаражатыңызды тиімді жұмсауды бүгіннен бастағаныңыз жөн. Темекіден бас тартсаңыз- жинақ сандықшаға қаражат қосылады да, ал Сіз өз арманыңыздың орындалуына бір қадам болса да жақындай түсесіз. Аталған әдісті пайдаланып көріңіз, мүмкін аталмыш әдіс Сізді темекі шегудің кезекті зиянынан құтқара түсетін болар. Темекі шегу дегеніміз кептірілген және жалынсыз темекі жапырағы түтінін тыныстау болып табылады. Темекі жапырағы сигара және стандартты трубка түрінде келтірілген. Сонымен бірге, қалыпты түрдегі темекі тартуы адамның түтінді өкпеге тыныстауын болжайды, ал «трубка» мен «сигара» тарту барысында темекі түтінінің өкпеге өтуіне жол берілмейді, адамның тек ауыз қуысы ғана темекі түтініне толтырылады. Темекі тартудың себебі ретінде, әдетте, нашақорлық сипаттағы тәуелділік танылады, яғни дәлірек айтқанда- зиянды әдет. Алайда, темекі шегу, әдетте адамдардың арасын жақындата түсуіне бағытталған, яғни басқа темекі тартатын адам мен араласуы тәрізді әлеуметтік сипаттағы себептер де аз емес. ДДҰ ақпараты бойынша, ересек жастағы ер адамдардың бірден үш бөлігі темекіні тұтынады. Темекі –алғаш рет Колумбпен ашылған, яғни Колумб Америка атты аймақ ашылғаннан кейін,оны сол жерге жеткізген іспеттес. Содан соң, аталмыш өсімдік сауда бағыттары арқылы барлық Европа елдеріне таралды. Химиялық формулаға сәйкес темекі түтінінде алкалоид, никотин, гармин тәрізді психологиялық белсенді, яғни адам психикасында әлсіз эйфорияны тудыратын заттектер болады.Тұрғындарды темекі тартудан қорғауға бағытталған медициналық зерттеулер бойынша, темекі шегушіліктің басқа да өкпе эмфиземасы, жүрек-қан тамыры тәрізді қауіпті аурулармен тікелей байланысы бар. Темекі шегушілік- жер шарындағы өлімге шалдықтыратын себептер тізімінде екінші сатыда тұрғандығы мәлім. Темекі шегу-өліммен тең!Темекі шегу- жәй және қинаушы қасиетті өлімге шалдықтыруы мүмкін. Дәлелдер бойынша, өкпе ауруының диагностикаланған қатерлі ісігі қаупінің 90% темекі шегуге байланысты келеді. Сондықтан да ата-аналар, оқытушылар, дәрігерлер бірлесе отырып «әдемі өмірдің» сәніне айналған, денсаулыққа, қоғамдық моральға орын қалдырмай отырған темекі шегумен бітіспес күресті белсенді қолға алуы тиіс.