2018 жылдың 26 қантар күні барлық халықтың, әсіресе ауыру қаупі жоғары тұлғалар арасында, оның ішінде ерте жастағы, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың ата-аналары арасында уақытында вакцинациялаудың қажеттілігі туралы ақпараттандыру мақсатында ЖРВЖ мен тұмаудың алдын алу бойынша Орталық барадың «Достық» павильонының сатушылары мен елушілері арасында «Алдын алу. Қорғау. Вакциналау!» атты акциясы өтті. Терапевт дәрігерлерінің кеңесін, артериалдық қан қысымын өлшеу, қан құрамындағы қант мөлшерін анықтау, Кетле индексі бойынша бойы мен салмағын өлшеу және ЖРВЖ, тұмау және вациналау бойынша ақпараттық-оқу ағарту материалдарын тарату қызметтерін қамтыған «Денсаулық қалашығы» ұйымдастырылды. Барлығы 106 адам қамтылды.