2018 жылдың 29 қантар күні иммундық алдын алуға деген сенімді көзқарас қалыптастыру мақсатында «Байтерек» мейрамханасының қызметкерлері арасында «Жұқпалы аурулардан сенімді қорғаныс!» атты семинар тренинг өткізілді. Іс-шара барысында вакцинация қауіпсіздігі, жұқпалы аурулардан қорғаныс және қоғам үшін жеткіліксіз иммундаудың зардаптары туралы түсіндірілді. Барлығы 15 адам қамтылып, ақпараттық материалдар таратылды.