2018 жылдың 30 қантар күні онкологиялық сақтықты және өз денсаулығына жауапты қарым-қатынасты қалыптастыру туралы білім деңгейін арттыру мақсатыңда «Өз денсаулығыңызды қорғаңыз –скринингтік тексеруден өтіңіз!» атты ақция ұйымдастырылды. «Денсаулық қалашығы» акцияның барысында, дәрігерлер тұрғындарға инфекциялық емес аурулар туралы хабардар етіп, салауатты өмір салтын насихаттап, аурудың, мүгедектік пен өлімді болдырмауға бағытталған негізгі құралдар ретінде скринингтік тексерілуді кеңес берді. Барлығы – 86 адам қамтылып, оқу-ағарту материалдар таратылды.