2018 жылдың 31 қаңтар күні «Алтай» сауда орталығында сүт безі, жатыр мойны обыры мен онкологиялық ауруларды ерте анықтау және алдын-алу туралы халықты ақпараттандыру мақсатында акция ұйымдастырылды. «Денсаулық қалашығында» маммологиялық орталықтың дәрігерлері әйелдерді қабылдап, «Арасан Ақтөбе" ЖШС- ң терапевт, валеолог дәрігерлері инфекциялық емес аурулар мен онкологиялық аурулардың, оның ішінде сүт безі обырының скринингтік тексеруден өтудің маңыздылығы туралы кеңес берді. Барлығы 86 адам қамтылып, оқу-ағарту материалдар таратылды.