2018 жылдың 1 ақпан күні Облыстық денсаулық сақтау басқармасы онкологиялық аурулардың алдын-алу және ерте анықтау бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. М.Оспанов атындағы БҚММУ өкілдері, емдеу алдын алу мекемелерінің бас дәрігерлердің орынбасарлары, алдын алу және психоәлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушілері, СӨСҚ, онколог дәрігерлері және онкологиялық аурулармен ауыратын науқастар мен олардың туыстары қатысты. Ақтөбе облысындағы 2017 жыл қорытындысы бойынша онкологиялық науқастардың жағдайы, жалпы тәжірибелі дәрігерлер мен онкологтарды жетілдіру мәселелері, маммологиялық орталығы және онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша халық арасында санитариялық-түсіндіру жұмысы жөніндегі жоспарланған іс-шаралар туралы, соның ішінде уақытылы скринингтік тексеруден өтудің маңыздылығы мәселелері талқыланды. БАҚ өкілдерінен және осы патологиядан зардап шегетін адамдардан алынған сұрақтарға жауаптар берілді.