2018 жылдың 2 ақпан күні № 47 Орта мектептің 8-9 сынып оқушылары арасында «Репродуктивтік денсаулық» атты тақырыпта семинар-тренинг өткізілді. Ерте жыныстық қатынас салдары, жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулар туралы және психологиялық климаты туралы түсіндірді. Тренинг қатысушылары белсенді түрде сұрақтарын қойды. Барлығы 35 адам қамтылып, ақпараттық материалдар таратылды.