2018 жылдың 5 ақпан күні Жубанов атындағы университетінің студенттері арасында № 2 жатақханада «Салауатты өмір салтын ұстан!» атты тақырыпта семинар-тренинг өткізілді. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығына құндылықты көзқарастыру қалыптастыруға ықпал етті. Денсаулық» пен «салауатты өмір салты» ұғымдары туралы физикалық, психикалық, әлеуметтік аспектілерде кең маңынада түсінік берілді. Тренинг барасында рөлдік ойындар, топтық тапсырмалар өткізілді . Барлығы 52 адам қамтылып, ақпараттық материалдар таратылды.