2018 жылдың 6 ақпан күні «Айна» сауда орталығында сүт безі, жатыр мойны обыры мен онкологиялық ауруларды ерте анықтау және алдын-алу туралы халықты ақпараттандыру мақсатында «Қорқынышсыз өмір!» атты акция ұйымдастырылды. «Денсаулық қалашығында» маммологиялық орталықтың дәрігерлері 45 әйелдерді қабылдап, оның ішінде 40 адамды одан әрі тексеру үшін жіберді; №1 қалалық емхананың гинекологы 51 әйелге кеңес берді; «Арасан Ақтөбе» ЖШС терапевт маманы инфекциялық емес аурулар бойынша 68 адамға кеңес беріп, қандағы қант деңгейі анықталды. Акцияның барлық қатысушыларына онкологиялық аурулардың, оның ішінде сүт безі обыры бойынша скринингтік тексеруден өтудің маңыздылығы туралы кеңес берді, оқу-ағарту материалдар таратылды.