2018 жылдың 7 ақпан күні халықтың салауатты өмір салтын ұстануға деген назарын аудару мақсатында, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағының облыстық филиалының көмегімен Кірпішті ауылындағы шаңғы спорты базасында медицина қызметкерлері арасында «Денің сау болу – сәнді!» ұранымен шаңғы жарысын ұйымдастырды. Жарыс әйелдерге 500 метр, ер адамдарға 1000 метр қашықтықта, 20-30, 30-40, 40-50, 50-ден жоғары жас ерекшеліктері бойынша өтті. Жеңімпаздар мадақтамалармен сыйлықтармен марапатталды. Денсаулық сақтау саласының ардагері, шаңғы жарысының қатысушысы, Жедел медициналық көмек ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Каримов Хикметулла Шәмілұлы ОДСБ басшысы атынан «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау саласы тарихының негізгі беттері» атты кітаппен марапатталды. Шараға қатысушылардың барлығы сергектік қуатын алып, көтеріңкі көңіл күйге ие болды. Жарысқа барлығы 120 медицина қызметкері қатысты.