М.Оспанов атындағы БҚММУ-ң ғылыми-кеңес залында мектепке дейінгі, орта, орта кәсіптік дәне жоғары оқу орындарының медицина қызметкерлері, қалалық емдеу-алдын алу мекемелерінің ЖТД, СӨС дәрігерлері, онколог, иммунолог, эпидемиолог және инфекционист мамандары арасында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу жөніндегі ұлттық бағдарламаларды іске асыру және орындау барысы және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, вирустық гепатит, тұмаудың алдын алу, иммунизациялау және онкологиялық ауруларды ерте анықтау» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Ақтөбе облысындағы 2017 жылдың қорытындысы бойынша онкологиялық науқастардың, вирустық гепатит және иммунопрофилактика және халықтың түрлі топтары арасында скринингтік тексеру сұрақтары талқыланды. Барлығы 67 адам қамтылды.