2018 жылдың 12 ақпан күні тұрғындар арасында денсаулық сақтау дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Нұрдаулет» сауда орталығында «Денсаулық бекеті!» атты акциясы өтті. Бекетте акцияға қатысушыларға бел көлемін өлшеу мен диетолог маманының кеңесі және артериалдық гипертония денсаулығы мектебіне бару мен темекі шегуден бас тарту үшін қажетті ұсынымдар мен ұсыныстар берілді.Акцияға кез келген қатысушы аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық материал алды. Барлығы 74 адам қамтылды.