2018 жылдың 27 сәуір күні халықтың иммунопрофилактикаға сенімді көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Біз вакцинаға – Иә дейміз!» атты ұранымен «Денсаулық қалашығы» ұйымдастырылды. Акция барысында М.Оспанов атындағы БҚММУ балалар аурулар кафедрасының меңгерушісі, педиатр және жалпы тәжірибедегі дәрігерлерінің тегін тексеруі мен кеңес беруі, артериялық қан қысымын өлшеу, қанның құрамындағы қант мөлшерін анықтау, бой, салмақ өлшеу арқылы дене массасының индексін анықтау; тұрғындарға емханаға тіркелу бойынша және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені анықтау туралы түсіндірді. Иммундаудың алдын алу бойынша ақпараттық оқу ағарту материалдарын таратты. Барлығы 57 адам қамтылды.