2018 жылдың 28 сәуір күні туберкулездің алғашқы белгілері, уақытында медициналық көмекке жүгінудің маңызы және уақытында емделудің тиімділігі туралы, халықтың иммунопрофилактикаға сенімді көзқарасын қалыптастыру мақсатында орталық базарында «Өзіңді туберкулезден қорға!» атты ұранымен акция ұйымдастырылды. Акция барысында «ФЛЮКАР» арнайы көлігінің көмегімен тұрғындарды флюротексеруден тегін өткізіп, жалпы тәжірибедегі, фтизиатр дәрігерлері консультация беріліп және акцияға қатысушылар арасында туберкулездің алдын алу, иммундау сұрактары бойынша ақпараттық оқу-ағарту материалдар таратылды. Барлығы 51 адам қамтылды.