2018 жылдың 3 мамыр күні Медицина қызметкерлердың күніне орай Денсаулық саябағында медицина қызметкерлері арасында «Сау дәрігер – сау пациент» атты ұранымен спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті. Спартакиада 21 емдік – профилатикалық мекемелер арасында спорттың 5 түрі бойынша өткізіледі: жеңіл атлетика; тоғызкұмалақ, шахмат, дойбы; шағын-футбол; волейбол; теннис. Бұл күні Жеңіл атлетика бойынша жарыс өтті. Ерлер үшін 1000 м, ал әйелдер үшін 500 м. арақашықтықта өткізіледі. 18-30 жас; 30-50 жас; 50ден жоғары.

150 медицина қызметкерінің қатысуымен спорттық жарыстар өткізілді. Барлық қатысушылар күш қуат пен жақсы көңіл күй алды. Спартакиаданың салтанатты марапаттауы 31 мамыр Халықаралық темекіден бастарту күніңе орай өткізіледі.