2018 жылдың 5 қараша күні «Арасан Ақтөбе» ЖШС-нің психологы Ақтөбе политеxникалық колледжінің студенттері арасында интерактивті әдістер бойынша волонтерларды дайындауға арналған жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы «Салауатты өмір салты аспектілері» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренинг соңында 17 волонтер сертификаттармен марапатталды. Болашақта еріктілер салауатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыстар жүргізеді және «Тең-теңімен» негізінде өздерінің құрдастарының арасында мінез-құлықтың қауіп-қатер факторларын болдырмайды.Ақпараттық білім беру материалдары таратылып 17 адамға қамтылды.