2018 жылдың 7 желтоқсан күні «Керуен сити» сауда орталығында облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «Арасан Актобе» ЖШС-і, «Мейрім Ақтобе» ҮЕҮ, Ақтөбе қалалық Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп «Ұлт денсаулығы –табысты болашақтың негізі» атты акция өткізді. Акция аясында терапевт, гинеколог, психолог, энлокринолог мамандарының жастар мен жасөспірімдерге кеңесі, ақпараттық оқу-ағарту материалдары таратылды.