2018 жылдың 19 желтоқсан күні облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «Арасан Актобе» ЖШС артериялық қан қысымын бақылау мен алдын алу шараларына назар аударту мақсатында «СНПС-АМГ»" АҚ жұмысшылар арасында "Гипертония ТОҚТА" акциясының аясында кардиологтың және жалпы тәжірбие дәрігерлері артериялық қысымды өлшеумен және ақпараттық-білім беру материалдарын таратумен кеңес берді.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы салтанатты іс шара ұйымдастырды. Бағдарламада: - медицина қызметкерлерін марапаттау (алғыс хаттар мен ҚР ДС ӘДМ мақтау қағаздары, денсаулық сақтау саласының үздігі төс белгілері, құрмет грамоталарымен марапаттау); - Денсаулық сақтау саласы мәселелерін қамтитын «Үздік әлеуметтік тапсырыс» байқауына қатысқаны үшін үкіметтік емес ұйымдарын марапаттау; - медицина қызметкерлерімен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама (ән, би және т.б.).
2018 жылдың 13 желтоқсанында облыстық денсаулық сақтау басқармасы, "Арасан Ақтөбе" ЖШС және қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары халық арасында Денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру мақсатында қаланың ірі аялдамаларында ауруларды басқару бағдарламасы бойынша радиолокациялармен және жұқпалы аурулардың алдын алу және вакцинацияның маңыздылығы бойынша ақпараттық-білім беру материалдарын таратумен "Денсаулық автобусы" ұйымдастырылды.
2018 жылдың 12 желтоқсан күні облыстық денсаулық сақтау басқармасы және «Арасан Актобе» ЖШС-і «Достық» спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздік күніне орай медицина қызметкерлері және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің мемлекеттік қызметшілер арасында жүзуден спорттық іс-шара өткізілді. Жүзу жарысында емдеу – профилактикалық мекемелері қызметкерлерінен құралған 13 команда қатысты, әйелдер - 25 м; еркектер үшін - 50 м жүзу болды. Барлық қатысушылар зор сергектік пен жағымды көңіл-күй алды. СӨС кубогын облыстық перинаталдық орталық алды, 2 орын – Хромтау орталық ауруханасы, 3 орын - Облыстық тері-венерологиялық орталық иеленді. Күштілер жеңіске жетті!
2018 жылдың 7 желтоқсан күні «Керуен сити» сауда орталығында облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «Арасан Актобе» ЖШС-і, «Мейрім Ақтобе» ҮЕҮ, Ақтөбе қалалық Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп «Ұлт денсаулығы –табысты болашақтың негізі» атты акция өткізді. Акция аясында терапевт, гинеколог, психолог, энлокринолог мамандарының жастар мен жасөспірімдерге кеңесі, ақпараттық оқу-ағарту материалдары таратылды.